Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Химик- зерттеуші

«Химик-зерттеуші» үйірмесінің жетекшісі

Қосымша білім беру педагогы, х.ғ.к., PhD,

Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы

 

1.      Үйірме  жұмысының  негізгі  мақсаты: оқушылардың химия пәніне, қоршаған орта құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру.

2.      Үйірменің  міндеті:

- заттар және химиялық процесстер әлеміне терең және тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

- лабораториялық техникаға қажет практикалық жұмыс істей алу мен дағдыға үйрету;

-  химия сабақтарында алатын білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге көмек беру;

- химиялық тәжірибе жасауға бейімділігін бекіту және дамыту;

- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

3.      Күтілетін нәтиже:

- оқушылардың химиялық процесстерді түсініп, химия пәніне деген қызығушылықтың қалыптасуы;

-  химияны өмірмен байланыстыру арқылы техникаға қажет практикалық жұмыс істеуді үйрену;

-  химия сабақтарында алған білімдерін тереңдетіп нақты тақырыптарды түсіну;

- химиялық тәжірибе жасай алу, ол арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту;

Сабақ кестесі: сәрсенбі-бейсенбі 15:00-16:20, 7-8-9 сыныптар

                           сәрсенбі-бейсенбі 16:30-17:50, 10-11 сыныптар

                          Оқушылар сарайы, 431 кабинет 4-этаж