Қазақстан, Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Қонақтар

2014 жылы 11 наурыз күні Оқушылар сарайында Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен қонақта болып Оқушылар сарайының жас мәнерлеп сырғанаушыларымен кездесті. Кездесу барысында жас мәнерлеп сырғанаушылар өздерін қызықтыратын, олимпиада барысы туралы, жеңіске қалай жету керек екені туралы көптеген сұрақтарына жауап алды. Денис Тен Сочи олимпиадасы туралы және алдағы жоспарларымен бөлісті. Денис Тен мұз айдынына шығып жас мәнерлеп сырғанаушылардың сабағына қатысып өз шеберлігімен бөлісті. Кездесу соңында Денис Тен жас мәнерлеп сырғанаушылармен естелік суретке түсіп, конькилеріне қолтаңба қалдырды.
Алғашқы қазақстандық ғарышкер – Тоқтар Әубәкіровпен кездесу кезекті үлкендердің жоспарында емес, жаңа жылда Аяз Ата орындайтын тілектер тізбегінің қатарынан табылды. Мирас Байкенов сынды оқушының арманын орындамау біз үшін үлкен қателік болар еді, себебі 10 жасар бала өзінің ғарышкер болғысы келетіндігі туралы шабыттана айқан болатын. Бесінші сынып оқушысы алғашқы дайындығын «Жас ғарышкер мектебінде» өтті, алдағы уақытта ол атақты ғарышкерден сұхбат алу мүмкіндігіне ие болды (i-BALA журналын оқыңыз, №1 басылым, сайттың басты беті).
2013 жылдың 26-27 наурыз күндері Оқушылар сарайында "Еуразиялық білім кеңістігіндегі көркем-педагогикалық білім және эстетикалық тәрбиелеу" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция қазіргі көркемдік педагогика мәселелері бойынша ғылыми нәтижелері мен зерттеу тәжірибесімен алмасу мақсатымен, сондай-ақ ғалымдардың, суретші-педагогтардың және мамандардың педагогикалық зерттеулердің ғылыми нәтижелері басылымдарымен алмасу мақсатымен өтті

Бүгін біз Оқушылар сарайындағы үйірмеге қатысатын оқушының анасы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықовадан сұхбат алдық: - Гүлшара Наушақызы, Сіздің қызыңыз Мариям Оқушылар сарайындағы үйірмеге бір жылдай уақыттан бері қатысып келеді. Сізге және сіздің қызыңызға біздің үйірме ұнай ма?

- Иә, біз өте ризамыз. Бұл жерде ерекше жағдай қалыптасқан. Қызым үйірмеге қатыса бастаған уақыттан бері оның бойында білуге деген, оқуға деген ынтасы арта түсті. Бір жыл ішінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді: ол еркін оқиды, сонымен қатар 100-ге дейін және 100-ден кері мүдірмей санай алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және мектептік білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева

Құрметті балалар, «I-BALA» журналының оқырмандары!

Республикамыздың жас, талантты азаматтары – қоғамның негізгі стратегиялық әлеуеті және мемлекетіміздің дамуының басты факторы. Бұл – мемлекетіміздің сақтап, көбейтіп келе жатқан ұлттық байлығы. Құрметті балалар, тек шығармашылыққа ұмтылған адам ғана жетістікке жетеді.

Қазақстанның теннис бойынша ұлттық құрама мүшелері, Дэвис кубогының финалистері М. Кукушкин және Е. Королевтың шеберлік класы

Оқушылар сарайының спорт және туризм бөлімі Қазақстанның Теннис федерациясымен бірлесе отырып, Қазақстанның теннис бойынша ұлттық құрама мүшелері, Бельгиядағы Дэвис кубогының финалистері Михаил Кукушкин және Евгений Королевтың қатысуымен шеберлік класын ұйымдастырды

Бақыт Кайырбеков 

Қазақстандық ақын, аудармашы, кинорежиссер Бақыт Қайырбеков (Бақыт Ғафу) - 7 поэтикалық кітаптың және 80-нен астам деректі фильмдардың авторы. Қазақ әдебиетінің атақшы аудармашысы және халықаралық фестивальдар мен форумдарда ерекше атап көрсетілген деректі фильмдардың режиссері. Оның шығармалары біздің өміріміздің мәдени тұстарымен тығыз байланысты. Бұл – жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық портреттері, Қазақстанның тарихы мен табиғаты

Оқушылар сарайына атақты ресейлік режиссер және продюссер ЛИНА АРИФУЛИНАНЫҢ келуі біз үшін тамаша сый болды. Оның «Аялаған Астана» республикалық конкурсын ұйымдастыратындығын білдік. Арифулина командасының жұмысымен таныс болдық, оның қызметкерлері әрбір конкурсқа қатысушының номерін қою, даусын келтіру және киімдерін таңдаумен айналысады. Барлығы да үлкен конкурстардағыдай дайындық үстінде. Шараға дайындықтың барысы туралы толығырақ "Жұлдыздар фабрикасы" шоу-жобасының продюсері және режисері Линаның өзі айтып беред

Ольга Рыпакова

«Жаттығу және жарыс – бір-біріне мүлдем ұқсамайтын ұғымдар. Турнирлер кезінде өзіңді мүлдем басқаша сезінесің. Барлығы да өзіңе байланысты. Ешқашанда бір жеңіс жеткілікті деп ойламаңыз. Бұл үлкен кедергі келтіруі мүмкін. Себебі «жұлдыз ауруын» жұқтырып алсаңыз, алдағы уақытта көп нәрседен айырылуыңыз мүмкін. Менің спортқа келуім кездейсоқ жағдай емес, сондықтан да мақсаттар мен тапсырмалар қойылғандықтан, мен осымен тоқтағым келмейді!»

Серик Сапиев

«Менде ешқашан чемпион боламын деген ой болған емес. Спорт төзімділікке баулиды. Әрбір жарыс кезінде сәттілік пен эмоциялық күй маңызды роль атқарады. Жаттықтырушы әрқашан сенің әлсіз және күшті тұстарыңды біліп отырады. Бокс – спорттың жеке түрі. Барлығы да саған және жаттықтырушының шеберлігіне байланысты»

ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Ирина Быкова 2012 жылдың мамыр айында Астана қаласының Оқушылар сарайына келген болатын. Бұл – оның аталмыш лауазымға келуінен кейінгі елімізге жасаған алғашқы іс-сапары. Сонымен қатар, бұл сапар Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымына енгендігіне 20 жыл толумен тұспа-тұс келді. Жоғары лауазымды қонақтың келу құрметіне арнайы “Astana Art Line” галереясында балалар суретінің көрмесі мен байқауы ұйымдастырылды
2013 жылы 16 ақпанда Астана қаласы Оқушылар сарайының “Astana Art Line” галереясында француз суретшісі Мартин Ривази-Оффанның қатысуымен, «Қазақстан - Франция» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге Оқушылар сарайы Бейнелеу өнері бөлімінің тәрбиеленушілері мен Астана қаласының өнер мектебінің оқушылары, «Шабыт» ұлттық өнер академиясының студенттері, ҚР-дағы француз елшілігінің өкілдері мен қазақстандық суретшілер қатысты.
2013 жылдың 8-14 маусым аралығында Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі Ұлттық Баскетбол Ассоциациясымен (WNBA) бірлесе отырып, АҚШ спортының елшілері ретінде баскетбол бойынша ұлттық әйелдер командасы мен олардың жаттықтырушысын шақырды.
2012 жылы 15 шілдеде Оқушылар сарайындағы көркем галереяға қазақстандық суретшілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, француз елшілігінің өкілдері, Оқушылар сарайының әкімшілігі, сонымен қатар ата-аналарымен бірге бейнелеу өнері бөлімінің тәрбиеленушілері, «Шабыт» ұлттық өнер академиясының студенттері мен магистранттары және басты қонақ – суретші С. Меркадер жұбайымен бірге келді.