Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

«Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайысының қорытындысы

Бүгін Оқушылар сарайында спорт бөліміңің ұйымдастыруымен 15 мамыр  Халықаралық Отбасы күніне арналған  «Әкем, анам және мен»   атты отбасылық сайысы  өтті.

Сайыс мақсаты: Спорттық жарыстарға балалардың қызығушылықтарын ояту, денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Ата - аналар мен балалары арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу және шапшаңдылық реакциясын, алғырлығын, төзімділін іске асыру.

Сайыс тартысты өтіп, төмендегі көрсеткіш көрсетті:

Бөлімдер арысынан 7 отбасы қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Отбасы мүшелері сайысқа белсенді қатысып, жеңімпаздар анықталды.

1  орын – «Сұңқар» тобы; Қабдеш отбасы.

2  орын – «Болашақ-1» ; Габдулиндер отбасы.

3 орын – «Барыс» тобы; Қалиасқар отбасы жеңіп алды. Сайысқа қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Отбасылар  медальдар мен мадақтамалармен марапатталды.