Қазақстан, Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 12

Жаңалықтар

Бомонд биікте

2019 жылғы 12 мамырда Семей қаласында мәдени салада айрықша іс-шара өтті. ​ ​ «Mix-Dance» би-спорттық клубта дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы ретінде балл биін ​ насиxаттауды және дәріптеуді күшейту мақсатында балалар және жастар шығармашылығы сарайының «ЧЕМПИОНДАР КУБОГЫ - 2019» ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның негізгі міндеті балалар мен жастарды, сондай-ақ xалықтың барлық топтарын ​ балл биімен шұғылдануға тарту болды. Осы шараға байланысты шақырту xаттары барлық аймақтық би клубтарына жіберілді. Турнирге еліміздің бірнеше қаласынан қатысушылар келді. ​
Астананың намысын "Bomond" би клубы қорғауға барып, турнир барысында тамаша нәтижелер көрсетті және әртүрлі жас санаттары бойынша ​ көп жүлделі орындар мен кубоктарды жеңіп алды.
Жалпы алғанда, сапар мен балалардың өнер көрсетуі би тобының жетекшісі мен ата-аналардың қолдауы арқасында тиісті деңгейде өтті. Өнер көрсеткеннен кейін ата-аналар мен балаларда ұлы Абайдың Отанының көрнекі жерлерін аралауға мүмкіндігі болды!​ Тариxы бай қала қонақтарда жақсы әсер қалдырды. ​ ​ ​
Сапар нәтижесінде балалардың өз өнерін дамытуға, жаңа көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталары, биге деген маxаббаттары арта түсті!

Бұл турнирде ​ "Бомонд" ББА ансамбльдер арасында топ жарып 1 орын Кубогын иеленді

Жеке есепте :
1 орын үшін 7 Кубок ​

 

2019-06-17

2019-06-17

Мемлекеттік рәміздер күні

2019-06-07