Қазақстан, Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

Президентпен кездесу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайының 68-ші гимназияда ашылған "Шұғыла" орталығында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Президент Робототеxника, Лингвистика, Бейнелеу өнері, Вокал, Шаxмат үйірмелерінде болып, балалармен емін-еркін сөйлесіп, пікірлесті. Президент Орталыққа электро пианино мен төрт робот сыйлады. "Шұғыла" орталығында 1400 оқушы тегін қосымша білім алады. Қасымжомарт Кемелұлы өз туған күнін жастармен кездесуге арнады.