Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты қалалық көрме өтті

Астана қаласы, Оқушылар сарайында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты қалалық көрме өтті.  Көрмеге   "Сегіз аяқ", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Желсіз түнде жарық ай", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?"  атты өлеңдері аясында 70 тен аса мектеп қатысып оқушылардың суреттері ілінді. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлыларын ұлықтаған ұрпағы дайындаған бүгінгі көрме өз дәрежесінде өтті.