Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

«Интернет мәдениеті – заманауи әлеуметтік феномен, қосымша білім беру жағдайында тұлғаны әлеуметтендіру және оқыту құралы»

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің «Интернет мәдениеті заманауи әлеуметтік феномен, қосымша білім беру жағдайында тұлғаны әлеуметтендіру және оқыту құралы» секциясын өткізеді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында 2020 жылғы 7 тамызда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта «Интернет мәдениеті заманауи әлеуметтік феномен, қосымша білім беру жағдайында тұлғаны әлеуметтендіру және оқыту құралы» қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің секциясын өткізеді.
Секцияның мақсаты – жаңа жағдайда балаларға қосымша білім беруді жаңғырту стратегиясын талқылау, табысты, мобильді, жаңа жағдайларға бейімделген адамды тәрбиелеу және қалыптастыру.
Модератор: Шер Раиса Петровна, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры.
Нысаналы топ: ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, шетелдік серіктестер, Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының Еуразиялық қауымдастығының құрылтайшылары, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының өкілдері, ҮЕҰ, ата-аналар қауымдастығы.
Секцияның пленарлық отырысы барысында балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, жаңа технологияларды қолдануды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, STEAM-технологияларды енгізуді ескере отырып, мектептен тыс ұйымдардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселелері, Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде орналастырылатын оқыту бейнесабақтарын дайындау мәселесі талқыланды.
Балалардың бойында болашақ машықтарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды: технологиялық құзыреттілік, командада жұмыс істей білу, олардың оқуға деген ынтасын ескере отырып, тиімді коммуникация, қазіргі әлемнің технологиялық құрылымының өзгеруі және Қазақстан экономикасының өзгеруі жағдайындағы іскерлік және әлеуметтік белсенділік.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша қорытынды ұсыныстар әзірленеді. Материалдар еркін қол жеткізіп қарау үшін www.ziyatker.org сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.