Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

«Әл Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты өтті

20 тамыз күні сағат 11:00-де Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың ашылуы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында өтті.
      Орталықтың ашылуы әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан орта ғасырлардың ұлы ойшылы, энциклопедист және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани мұрасына деген құрметімізді көрсетеді. 
«Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің философияға, логикаға, метафизикаға, жаратылыстану ғылымына қосқан үлесі орасан. Отырарда туып,  әлемге танылған тұлғаның  шығармашылық мұрасы мен өмірлік өнегесі – қазақ халқының баға жетпес құндылығы. Оқу-тәрбие орталығын құрудың мақсаты – жер жаһанға әйгілі ойшылдың зияткерлік және шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру. 

Оқу-тәрбие орталығында ғалымның сан түрлі қырын анықтайтын «Әл-Фараби және ғылым», «Әл-Фараби және грек ойшылдары» (Аристотель, Платон), «Әл-Фараби және өнер», «Әл-Фараби және тәрбие», «Әл-Фараби және Поэзия», «Әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімдері бар.  Орталықтың тұсау кесер салтанаына ЕҰУ прореркторы, Алаш танушы, Ф. ғ.д. академик Дихан Қамызабекұлы, Жазушы, драматург, Әбу насыр Әл-Фараби танушы," Ғұлама ғұмыр" дырамасының авторы –Жолтай Әлмашұлы қатарлы қонақтардың қатысуымен өтті.

Орталықтың тұсаукесері аясында ғалымның Бюстін салтанатты ашылды. Ғұламаның мүсінін ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Астана суретшілер Одағы басқарма төрағасының орынбасары, график, мүсінші  Бақытжан Жарылқасынұлы жасады. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының аспаптық музыка бөлімінің оқытушылары белгілі композитор К. Күмісбековтің «Фараби сазы» шығармасын орындады.