Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

«SHAN`YRAQ» лингвистикалық үстел ойынынан өте танымды турнир өтті

Медиаорталықтың оқушылары арасында «SHAN`YRAQ» лингвистикалық үстел ойынынан өте танымды турнир өтті. «SHAN`YRAQ» лингвистикалық үстел ойыны -бұл ойыншылардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік беретін қазақ тілін үйренудегі қосымша құрал.  

          Ойын ересектерге де, балаларға да пайдалы, өз ойын толық жеткізе алуға үйрену мүмкіндігі. Осының нәтижесінде, тек лексика дамып қана қоймай, сонымен қатар логика және сөйлеу шеберлігі дамиды. Ойын мақсаты — жасырылған сөз бен онымен түбірлес сөздерді айтпай және ыммен де көрсетпей командадағы серіктеске (кейбір жағдайларда қарсы команданың ойыншыларына да) жасырылған сөзді түсіндіру.

          Ойын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының тапсырысы бойынша шығарылды. «Зерделі» білім орталығына және «SHAN`YRAQ» лингвистикалық үстел ойынын әзірлеген және шығарған Саягуль Елтайқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.