Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жаңалықтар

ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

       30 қаңтар күні Оқушылар сарайының театр залында "Шығыс жекпе-жек фестивалі" өтті.

Спорт секцияларының тәрбиеленушілері күнделікті жаттығуларда жасайтын әдіс-тәсілдерін саxнада көрсетіп, жиналған жұртшылықтың рухын көтерді! Карате, таэквондо, дзюдо, қазақ күресі, самбо, бокс, йога, шинкокушинкаб секцияларының жас спортшылары ата-аналары мен ұстаздарының алдында осы уақытқа дейін меңгерген шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Спорттық шараға бокстан  Әлем чемпионы, Атланта, Сидней олимпиадаларының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов қатысып, секция жетекшілерін құттықтады.