Қазақстан, Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жобалар

Қысқы бақ

Қысқы бақта өсімдіктердің 275 түрі өсіріледі. Көптеген гүлдер тропикалық сирек кездесетін, ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктермен бірге бұта тектес, ағаш тектес сонымен бірге Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін адиантум, ардизия, литопс, сукулент, цикас, эуфорбия, хельксине т.б. өсімдіктері бар. Жеміс беретін: құрма ағашы, лимон ағашы, банан, ордизия ағаштары, кливия ағаштары, цитрус памело ағашы өсіріліп жатыр.

 

Бейнелеу өнері үйірмесіне қатысатын оқушылар қысқы баққа келіп, сурет салса, биотехнология үйірмесінің оқушылары гүлдердің, жапырақтардың, сабақтың ұлпаларын микроскоппен қарап, зерттеп, қандай қажеттілік керегін анықтайды. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады. Жас флорист үйірмесіне қатысатын оқушылар да өсімдіктерді баптауға олардың түрлерін көбейтуге көмектерін тигізуде.