Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Жобалар

"Менің мамандығым" Виртуалды лаборатория


Жас бүлдіршіндердің шығармашылық және ғылыми білім әлеуетін дамыту мақсатында Оқушылар сарайында 2015-ші  жылы «Менің мамандығым» атты виртуалды лаборатория ашылды. Жобаның ерекшелігі, оның негізінде аралас шынайылық технологиясы толықтырылған шынайылық элементтерімен астасып жатады. Толықтырылған шынайылық әсері қоршаған кеңістікті көруге арналған ерекше көзілдірік және виртуалды шынайылыққа лайықтап жасалған нысандар арқылы жүзеге асады. Көзілдіріктегі виртуалды өмір, қонақтарға сол мезетте осы нысанды өз көзімен көріп тұрғандай әсер қалдырады, ал толықтырылған шынайылық нысандары лаборатроиядағы қолға ұстауға болатын (3D көріністер) шынайы заттар тәрізді қабылданады. Келушілер көзілдірікті киіп алған соң ойын форматында Қазақстанның мұнай-газ, атом, тау-кен өндіру, көмір, телекоммуникациялық, құрылыс, әуе және темір жол сияқты ірі өнеркәсіп салаларымен жақын таныса алады. Лабораторияның бірнеше негізгі аумағы бар, мұнда жоғарыда аталған өнеркәсіп салалары бойынша қандай мамандықты таңдауға болатыны жәйлі виртуалды форматтағы танымдық ақпарат берілген.      

Виртуалды лабораторияда  Қазақстан темір жолы және Астана әуежайының алаңдары көрсетілген, сондай-ақ проекциялық экранда көптеген интерактивті ойындар бар.

Виртуалды лаборатория жұмысын жүзеге асыру үшін таңдап алынған технологиялар бірегей және өте күрделі болып табылады. Әлем бойынша оның баламасы жоққа тән.