Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 5 +7 7172 70 12 02 Ресепшн

Рухани Жаңғыру

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ «МЕНІҢ ЕЛІМ!» («МОЯ РОДИНА») АҚПАРАТТЫҚ-ВИРТУАЛДЫ ОРТАЛЫҒЫ
 
«Менің елім» ақпараттық-виртуалды орталығы 2019 жылғы 17 мамырда ашылды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясындағы жаңа жоба.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы рухында тәрбиелеу.
Оқушылар сарайының «МЕНІҢ ЕЛІМ!» ақпараттық-виртуалды орталығы «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Қазақстанның киелі жерлері» - «Қасиетті Қазақстан» картасы, «Абай әлемі», «Қазақ басылымдары» - «Казахские издания», «Менің кәсібім» бөлімдерінен тұрады.
Бұл орталыққа елорда мектептерінің ниет білдірген барлық оқушылары мен қала қонақтары келе алады. Мұнда олар Қазақстанның даму тарихынан қызықтыратын ақпаратты ала алады. Барлық ақпарат виртуалды көзілдіріктер, смартфондар және т. б. қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар форматында берілген.
Контенттердің мазмұнды толтырылуының өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар, себебі ол тарихи фактілерге негізделген, қазақ даласының батырларын үлгі қылып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді, шынайы патриотизм мен ел үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді және қазақ халқының генетикалық коды мен оның әлемдік мәдени мұраны дамытуға қосқан елеулі үлесін ешқашан ұмытпауға мүмкіндік береді.
 
«Мәңгілік Ел» бөлімі
«Мәңгілік ел» идеясын іске асыру аясында қазақ халқының тарихи дамуында маңызды мәні бар мәселелерді - ұлтты, жерді сақтау, Отанын қорғау, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу бойынша үлкен тәрбиелік жұмыс жүргізілуі тиіс.
«Мәңгілік Ел» бөлімінде ұлттық идея аясында танымдық сабақтар өткізіліп, мектеп оқушылары кез-келген кітапхана қорларынан кітаптарды оқып, пайдалана алады.
 
«Рухани жаңғыру» - «Духовное возрождение» бөлімі
«Рухани жаңғыру» орталығының бөлімінде Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы бейнефильмдер мен деректі фильмдер жинақталған, сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «Ориентация на будущее: духовное возрождение» бағдарламалық мақаласының материалдары бар.
Жоғарыда аталған жобалар шеңберінде қала мектептерінің оқушылары үшін түрлі іс-шаралар, кездесулер және тақырыптық сабақтар өткізіледі.
 
«Ұлы даланың жеті қыры» бөлімі
Бұл бөлімде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қамтылған қазақ даласының жеті ерекшелігі атап өтілген. Олар - «Алтын адам», «Аң стилі», «Ежелгі металлургия», «Атқа міну мәдениеті», «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны», «Ұлы Жібек жолы» және «Түркі әлемінің бесігі». Виртуалды көзілдірік арқылы келуші әр тақырып бойынша бейнематериалдарды ала алады.
 
«Қазақстанның киелі жерлері» бөлімі
Бұл бөлімде смартфонда арнайы орнатылған бағдарлама арқылы рухани символдар мен тарихи ескерткіштер туралы ақпарат алуға болады. Картада Қазақстанның киелі жерлері көрсетілген.
 
«3D форматындағы Қазақстан картасы»
Экранда 3D форматында Қазақстан Республикасының барлық облыстары көрсетіледі. Мұнда еліміздің әр өңірінің тарихи орындары мен көрнекі жерлерімен танысуға болады. Оқушылар үшін танымдық іс-шаралар өткізіледі.
Арнайы орнатылған бағдарламасы бар смартфонды тарихи ескерткішке жақындатқанда, келуші ақпараттық бейнематериалмен таныса алады. Виртуалды көзілдірік экраны арқылы Қазақстан аумағында орналасқан әрбір көрнекі жер – киелі орын туралы ақпарат алуға болады. Айналмалы қабырғада киелі жерлердің әдемі картиналарын көруге болады, мысалы, Ахмет Яссауи кесенесінің ішіне саяхат жасауға болады.
«Абай әлемі» - «Мир Абая» бөлімі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық мәдени мұра негізінде, ұлы қазақ философы, ағартушы және жазушы Абай шығармашылығына деген қызығушылықты жандандыру негізінде оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу аясында орталықта «Абай әлемі» бөлімі бар.
2019 жылдың басында Оқушылар сарайында қалалық байқау өтті. Байқау үш кезеңнен тұрады: «Абайдың ғибраты» (Абайдың Қара сөздері), «Әнді сүйсең менше сүй» (Абай әндері) және «Талаптың мініп тұлпарын» (Абай әлеміндегі бейнелеу өнері). Бұл байқауда оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, олардың мағынасын түсінуге үйренеді.
 
«Қазақ басылымдары» - «Казахские издания» бөлімі
Бөлімде келушілер көне қазақ басылымдары: газеттер, журналдар, Алаш Орданың қызметі туралы тарихи ақпаратты біле алады, сондай-ақ бұл бөлімде Қазақ даласының ұлы қайраткерлерінің сөздері мен афоризмдері бейнеленген.
 
«Менің кәсібім» бөлімі
Келесі бөлім: «Менің кәсібім» виртуалды бөлімі. Оқушылар сарайында балалар мектептегі сабақтан бос уақытын өткізіп қана қоймай, «Менің кәсібім» бөлімінде кәсіптік бағдар алады. Бұл бөлімде де виртуалды көзілдірікті пайдалану қажет.